БАҒДАТ. Анадолы-ҚазАқпарат – АҚШ-тың 2500 әскері Ирак территориясынан шығарылды. Бұл туралы Ирактың премьер-министрі Мустафа аль-Казыми мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Анадолы» агенттігіне сілтеме жасап.
«Бұған дейін АҚШ тарапымен әскерлерін елден шығару бойынша келісім жасасқан болатынбыз. Соның негізінде 2500 америкалық әскери қызметші Ирактан шығарылды», - деді Мустафа аль-Казыми.
Еске сала кетейік, АҚШ президенті Дональд Трамп ағымдағы жылдың 20-тамызында Ақ үйде Ирак премьер-министрі Мустафа аль-Казымимен кездесу өткізіп, әскерді ел территориясынан шығару процесі жақын арада аяқталатынын айтқан еді.
Әлихан Асқар
2018 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары облыстық Qostanai, республикалық Astana TV, «Жетінші арна» телеарналарындағы бағдарлама және жаңалықтар бөлімінде қызмет етті. «ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылдың мамырынан бастап еңбек етеді. 2023 жылдан бері Kazinform агенттігінің Өзбекстандағы меншікті тілшісі.