Лоретта Линч айып тағылатын қандай да бір адамдардың есімін немесе мерзімді атамады. Линч Цюрихте өткен бірлескен баспасөз-конференциясына өзінің швейцариялық әріптесі Михаэл Лаубермен қатысты, онда Швейцария прокуратурасы осы тергеу аясында бірнеше мекен жай бойынша тінту жүргізгенін хабарлады. Мамырда АҚШ прокурорлары ФИФА басшылығының 9 мүшесін бопасалау, ақша қымқыру, алаяқтығы үшін айыптаған. Оларға жиырма жылдай уақыт бойы сыбайлас жемқорлық схемасын ұйымдастырып келгені үшін айып тағылды. Фото: Associated Press
08:20, 15 Қыркүйек 2015
АҚШ-тың Әділет министрі ФИФА-дағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты жаңа айыптаулар шығуы мүмкін екенін мәлімдеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Әділет министрі Лоретта Линч ФИФА-дағы сыбайлас жемқорлық жағдайларын тергеу амалдары кеңейтілетінін мәлімдеді. Оның айтуынша, жаңа айыптаулар шығуы мүмкін, деп жазады «ВВС» агенттігі.