АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулдығы мен Американың арнайы Іскерлік тәжірибе бағдарламасының қазақстандық түлектерімен қабылдау өткізеді
бірлесіп Американың арнайы Іскерлік тәжірибе бағдарламасының (SABIT) қазақстандық түлектерімен қабылдау өткізеді, деп хабарлады Алматыдағы АҚШ-тың Бас консулдығынан.
SABIT бағдарламасы жергілікті бизнес-көшбасшыларға Американың тәжірибесі негізінде көмек көрсетеді. Бұл бағдарлама, сондай-ақ, жергілікті бизнесмендердің АҚШ-тағы өнімдер мен қызмет түрлерімен, соның ішінде әсіресе қонақ үй менеджменті, әуежайды дамыту, агроөнеркәсіп бірлестіктері, аймақтық сумен қамту инфрақұрылымдары, энерготиімділік және қалпына келетін қуат көздері, денсаулық сақтау саласындағы инновация және тағы басқаларымен жете танысуға мүмкіндік береді.
Шара барысында АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулы Майкл Сноуден мырза SABIT бағдарламасының түлегі Фердаус Назаровқа АҚШ пен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға және екі ел арасындағы сауда әлеуетін арттыруға үлес қосқаны үшін алғыс сыйлығын табыс етеді.