АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулы Мишель Еркін тұрғындарды қала күнімен құттықтады

АҚШ-тың Алматыдағы бас консулы Мишель Еркін мегаполис тұрғындары мен қонақтарын қала күнімен ерекше құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Фото: instagram.com/uscgalmaty

Алматыдағы АҚШ Бас консулдығының Instagram парақшасында Мишель Еркіннің видеосы пайда болды. Ол араға 20 жыл салып, Орталық мәдениет және демалыс саябағының кіреберісіндегі тарихи гүлзардың фонында суретке түскен.

«Алматы күні құтты болсын! Бұл - менің Алматыда 20 жыл бұрын түскен суретім. Қай жерде түскенімді кім табады? Happy Almaty Day! This is me in Almaty 20 years ago. Can you guess where this picture was taken?», - делінген жазбада.

Бұған дейін Мишел Еркін қазақ тілінде қазақстандықтармен танысу видеосын жариялаған болатын. Америка Құрама Штаттарының Алматыдағы Бас консулы Мишел Еркін өз жұмысын осы жылдың тамыз айында бастады. Бас консул Еркіннің консулдық аймағына Алматы және Шымкент қалалары, сондай-ақ Алматы, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл және Жетісу облыстары кіреді.