АҚШ-тың Алматыдағы жаңа Бас консулы Мишел Еркін қазақ тілінде танысу видеосын жариялады
05:00, 12 Тамыз 2023
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Алматыдағы жаңа Бас консулы Мишел Еркін қазақ тілінде қазақстандықтармен танысу видеосын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ал, танысайық! АҚШ-тың Алматыдағы жаңа Бас консулы Мишел Еркіннің қазақстандықтармен танысу видеосы. Еркін ханым түрлі қызықты локациялар және дәмді тағам әзірлейтін орындар жайлы комментарийлерді асыға күтеді» делінген хабарламада.