АҚШ-тың арнайы қызметі адамдарды роботтармен ауыстырмақ

АСТАНА. 9 тамыз. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің генералы Кит Александер құпия ақпараттың жылыстауымен күрес аясында ведомстводағы жүйелік әкімшілерді 90 пайызға қысқартуға ниетті,

солардың бірі Ресейге қашып кеткен Эдвард Сноуден болатын, деп хабарлайды Huffington Post.

Александердің берген мәліметі бойынша, қазір ҰҚА-да мыңға жуық жүйелік әкімші жұмыс істейді. Нью-Йоркте Федералды тергеу бюросы мен Орталық барлау басқармасы басшыларының қатысуымен өткен ведомствоаралық алқада генерал осы қызметкерлердің көбін жаңа технологиялардың көмегімен ауыстыруға болатындығын атап өткен еді.