АҚШ-тың Бас консулы Оңтүстік Қазақстан облысында жүр
Кездесу барысында жоғары мәртебелі қонақ Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Б.Атамқұловпен кездесіп, екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылап, оларға біздің өңірдің инвестициялық мүмкіндіктері ұсынылды. Жүздесу кезінде ОҚО-ның медицина мекемелеріндегі қызметкерлердің біліктілігін арттыру мәселесі де қозғалды. Американдық тарап оңтүстікқазақстандық дәрігерлерді онкологиялық, кардиологиялық және неврологиялық ауруларды, сонымен қатар балалардың ми салдануы ауруларын заманауи емдеу тәсілдерімен таныстыру мақсатында АҚШ-тың жетекші университеттері мен зертханаларында тәжірибеден өткізуге ықпал етуге дайын екендігін хабарлады. Сонымен қатар, өңір басшысы білім беру саласына ІТ технологияны ендіріп, оны қала мен ауыл мектептерінде қолжетімді ету облыс басшылығының басты мақсаттарының бірі болып табылатынын атап өтті. Кездесу нәтижесі бойынша М.Муди американ делагациясының атынан қонақжай өңірімізге алғысын білдіріп, ОҚО-ның инвестиция тарту мүмкіндігін бағалады. Облысқа сапары аясында американдық делегация Назарбаев зияткерлік мектебінде «Біріккен Ұлттар Ұйымының Моделі» атты конференцияға қатысуды жоспарлауда, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.