Нью-Йорк, Нью-Джерси, Мэриленд, Род-Айленд және Вирджиния штаттарында қалың қар жауды. Қарлы боран соғудан бірнеше сағат бұрын бұл өңірлерде төтенше жағдай жарияланды.
Жағалау аймақтарында билік өкілдері су тасқыны болуы мүмкін екенін ескертілді. 6 мыңға жуық ішкі рейс тоқтатылды.
Синоптиктердің айтуынша, солтүстік-шығыстың көп бөлігі жақын арада жылына қоймайды, дегенмен боран Мэн штатына ауысуы ықтимал.
Солтүстік-шығыстан соққан күшті бұрқасын Массачусетс пен Нью-Йорктке қар үйінділерін әкелді.
Ауа-райының қолайсыздығына байланысты Массачусетс штатында 80 мыңға жуық үй сенбі күні жарықсыз қалды.
Атлантик-Ситиде, Нью-Джерсиде 40 см, ал Бостонда күндіз 60 сантиметр, Нью-Йоркте 61 сантиметр, Массачусетс штатының кейбір аудандарында 75 сантиметр қар жауды.