АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Колин Пауэлл коронавирустан көз жұмды

ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат - АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Колин Пауэлл COVID-19 салдарынан қайтыс болды. Бұл туралы саясаткердің отбасы мәлім етті. Ол 84 жаста болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

Колин Пауэлл — АҚШ-тағы танымал мемлекет қайраткерлерінің бірі.

Ол президент Рональд Рейганның көмекшісі болған, кейін 1990 жылдардың басында АҚШ ҚК штаб бастығы комитетінің төрағасы қызметін атқарған.

2001-2005 жылдары Пауэлл кіші Джордж Буш президенті жанындағы мемлекеттік департаментті басқарған.

Ол 2003 жылдың ақпанында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында «химиялық және бактериологиялық қару қолданды» деп мәлімдеп Иракқа әскер енгізуді ұсынды.