Қатты жөтелден арыла алмаған АҚШ-тың бұрынғы президенті Хьюстон ауруханасына 2012 жылдың 30 қарашасында жеткізілген болатын. Дж.Буш есін жинады, оның қасында жұбайы Барбара Буш, оның ұлы, АҚШ-тың тағы бір бұрынғы президенті кіші Джордж Буш және басқа туған-туыстары бар.
Джордж Бушқа қойылған диагноз - бронхит.