АҚШ-тың бұрынғы президентінің резиденциясы 38,5 млн. долларға сатылмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың бұрынғы президенті Джон Кеннедидің «Қысқы Ақ үй» атанған резиденциясы $38,5 млн. сатылады, деп хабарлайды Realty Today.

Бұл үй Флорида штатындағы Палм-Бич қаласында орналасқан. 1995 жылы ол Castle Harlan компаниясының басшысы Джону Каслға $4,95 млн. сатылған болатын. Аумағы 1,4 мың шаршы метрден асатын, 11 жатын бөлмесі бар ғимаратқа ол бірқатар жөндеу жұмыстарын жүргізген.

«Бастапқыда бұл үйге ауқымды жөндеу жүргізу керек болды, алайда ол бәрібір аты аңызға айналған, тарихы бай қозғалмайтын мүлік болып қала берді», - дейді Касл.

Айта кетейік, АҚШ-тың экс-президентінің әкесі Джозеф Патрик Кеннеди бұл үйді 1933 жылы 120 мың долларға сатып алған екен. Мұнда бұл отбасының талай мерекелі де берекелі күндері өткен.