Телеарнаның хабарлауынша, оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 21:00 шамасында полиция бөлімшесінен бірнеше орам қашықта болған. Жарақат алған екі адамның жағдайы ауыр. Зардап шеккендердің арасында екі жасар сәби мен 13 жасар жасөспірім бар.
Полиция күдіктілерді іздестіруде, атыстың ықтимал себебі туралы ақпарат әзірге жоқ.