АҚШ-тың екі азаматы шаңсорғыш арқылы сауда автоматындағы қаржыны жымқырған

АСТАНА. 22 тамыз. ҚазАқпарат - Юта штатының астанасында екі тапқыр алаяқ сауда автоматын өнеркәсіптік қуатты шаңсорғыш арқылы тонап кеткен, деп жазады ВВС.

Солт-Лейк-Сити полициясының айтуынша, 53 және 55 жастағы екі ер азамат көлік жуу нысанындағы автоматтың ақша қабылдағышынан барлық қаражатты аталған құрал арқылы сорып алған.

Бұл операция 12 минут уақыт алған екен. Кейін оларды бұл әрекеті барысында полиция қызметкері байқап қалған. Тұтқындалған бұл екі адамға бұзу арқылы ұрлық жасау айыбы тағылмақ.

Әзірге жымқырылған қаржының толық көлемі жарияланбай отыр.