Жақында ол Хьюстон қаласындағы өзі емделіп жатқан ауруханадан шығарылады. 90 жастағы бұрынғы ел басшысының денсаулығының қазіргі жай-күйі туралы осы отбасының өкілі Джим Макграс хабардар етті, деп жазады ТАСС. Естеріңізге сала кетейік, ол ауруханаға тыныс алуында қиындықтар болған себепті түсіп қалған еді. Джордж Буш 1989-1993 жылдар аралығында АҚШ-тың 41-ші президенті болды. Бұған дейін ол Рональд Рейганның тұсында вице-президент (1981-1989) және Орталық барлау қызметінің директоры (1976-1977) лауазымдарын атқарды.
08:38, 28 Желтоқсан 2014
АҚШ-тың экс-президенті сырқатынан айығып келеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Біраз күн бұрын сырқаттанып аурухана түсіп қалған АҚШ-тың экс-президенті үлкен Джордж Буштың денсаулығы оңалып келеді.