Зерттеу барысында анықталғандай, бұл қала - 3 миллионға жуық тұрғыны бар Чикаго.
Федералды тергеу бюросының мәліметтеріне қарағанда, дәл осы Чикагода ең көп қылмыс жасалған көрінеді. Қаладағы адам өлімі күннен-күнге жоғарылауда. 2011 жылы бұл қалада 431 адам өлімі тіркелсе, 2012 жылы аталған қылмыс cаны 515-ке жетіп отыр.
ФТБ статистикасына сүйенсек, әр демалыс сайын қалада 6-8 адам өлімі болатын көрінеді. Чикагодан кейінгі қауіпті қалалардың қатарында Нью-Йорк, Детройт, содан соң Филадельфия мен Лос-Анджелес тұр.