Ол жарты ғасырдан астам Ақ үйдің баспасөз корпусында істеген. Бұл туралы шетелдік БАҚ хабарлады.
Томас Ақ үйдегі тілшілер ассоциациясына кірген, кейіннен оны басқарған бірінші әйел. Ол баспасөз конференцияларында Джон Кеннедиден бастап, АҚШ-тың барлық президенттеріне сұрақ қоятын болған.
Томас 2010 жылы Ақ үйдегі орны мен журналистік қызметінен әлеуметтік желіде пайда болған бейнекөріністен кейін кеткен. Онда ол Израильдің тұрғындары Палестинадан кетулері керек деп мәлімдеген болатын.