Вашингтонға жол тартатын бұл шерудің мақсаты - Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі КСРО-ның фашистік Германияны жеңуінің тарихи рөлін кеңінен насихаттау.
Автошеру Нейпл қаласындағы «Бостандық алаңынан» басталды. Оның құрамында әзірге 12 адам, 4 жеңіл көлік, автобус пен жүк көлігі бар, шеруге жолда тағы да көптеген адамдар мен көліктер қосылмақ.
Автошерудің алғашқы күні Голливуд қаласына тоқтап, фотокөрме мен шағын концерт ұйымдастыру жоспарланып отыр. Одан соң олар Вест Палм-Бич мен Киссими қалаларында аялдап, Орландоға жол тартады.
7 күн ішінде автошеру Джорджия, Оңтүстік және Солтүстік Каролина, Вирджиния (Нейплс-Майами-Орландо-Санкт-Петербор-Таллахасси-Атланта-Вашингтон бағытымен) 3,2 мың шақырымды бағындырмақ.
Ал 24 сәуірде шерушілер АҚШ астанасындағы Арлингтон ұлттық зиратында "Эльба рухы" (Spirit of the Elbe) естелік плитасына гүл шоқтарын қою салтанатына қатысады.