Құқық қорғау органдарының пайымынша, АҚШ-тың Ирактағы бұрынғы елшісі австриялық банктерде өзінің әйелінің есеп-шоттары арқылы ақшаны жылыстатып, ізін жасырған.
Осы орайда Залмай Халилзад 1,4 млн. доллар қаржыны жылыстатты деген күдікке ілінді. Австриялық билік дипломаттың зайыбына ашылған бірнеше есеп-шоттарға тыйым салды.
Экс-елшінің әйелінің қорғаушысы бұл есеп-шоттардың көмегімен ақшаның ізі жасырылғандығы жайында америкалық билік нақты дәлелдер ұсына алмай отырғандығын атап өтті.
2003-2007 жылдар аралығында Халилзад АҚШ-тың Ирак және Ауғанстан елдеріндегі елшісі қызметін атқарды.