Михельсон Вустер қаласындағы (Массачусетс штаты) өз үйінде жантәсілім еткен. Gerontology Research Group американдық геронтологиялық қызмет өкілі Роберт Янг соңғы жылдары әжейдің өте әлсіз болғанын және төсектен тұрмағанын айтты.
Михельсон Ресей империясының Елисаветград (қазіргі Кировоград, Украина) қаласында 1902 жылы туған және бала кезінде ата-анасымен АҚШ-қа көшіп келген. АҚШ-тағы беделді Браун университетін (Род-Айленд штаты) бітірген. Одан кейінгі өмірі туралы еш ақпарат жоқ.
Янгтың айтуынша, енді Нью-Джерси штатында тұратын 113 жастағы Адель Данлап АҚШ-тың ең қарт тұрғыны атанды.