«Бүгін қазақ тілі адамдар арасындағы күнделікті қарым-қатынас тіліне айналғанын көріп отырмын. Мен алматылық такси жүргізушілерінің арқасында орыс тілін үйрендім деп әзілдеймін, бірақ елшіліктегі ұстазымның көмегімен қазақ тілін үйренуге бар күшімді саламын», - дейді АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер Елшіліктің әлеуметтік желідегі парақшасында.
20:19, 18 Сәуір 2020
АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі: Қазақ тілі күнделікті қарым-қатынас тіліне айналды
НҰР-CҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін қазақ тілі адамдар арасындағы күнделікті қарым-қатынас тіліне айналғанын көріп отырмын. Бұл туралы АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.