Өрт 130 мың тұрғыны бар Уэйко қаласында орналасқан фабрикада болды. Кәсіпорында жүздеген адам жұмыс істейді, олардың барлығы қауіпсіз аумаққа көшірілді.
Алдын ала мәліметтер бойынша, өнімдерді тасымалдауға арналған жүк көліктері өртенген. 5-тен көп көлік толығымен жанып кетті. Өрт сөндірушілер өртті ауыздықтап үлгерді.
Өрттің орын алу себептері анықталуда.
Телеарна Уэйко қаласындағы фабрикада шоколад өндірілетіндігін хабарлады.