Штат губернаторы Деннел Мэллой осындай бұйрыққа қол қойды. Осыдан біраз бұрын штаттың заң шығарушылар жиыны мораторий енгізуді қолдап дауыс берген болатын.
Губернатор мұны «тарихи сәт» деп бағалады.
Хабарламаға қарағанда, сот өлім жазасына кесіп, үкімнің орындалуын күтіп отырған қылмыскерлерге жаңа заңның қатысы жоқ.
Коннектикутта соңғы 51 жылда бір адам ғана сот үкімі бойынша өлтірілген, дейді Би-би-си.
Ал, тұрғындардың 62 пайызы өлім жазасын жоюға қарсы.