Ғарыш кораблі орбитада 674 күн немесе 22 ай болып қайтты. Бұдан бұрын хабарланғандай, миссия АҚШ қорғаныс министрлігі мүддесіне орай жүзеге асырылды. Аппарат 2012 жылғы желтоқсанда Канаверал мүйісінен (Флорида штаты) Atlas 5 зымыран тасығышының көмегімен ұшырылған.
Х-37В кезекті миссиясы нені қамтитыны туралы мүлдем ештеңе айтылмады. Сарапшылар ғарыш кораблінің бортында барлау тетігі болуы мүмкін деп болжауда.