АҚШ-тың Қырғызстандағы елшілігі ішінде ақ ұнтағы бар конверт алды

АСТАНА. 29 қазан. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Қырғызстандағы елшілігіне пошта арқылы белгісіз ақ ұнтағы бар конверт жеткізілді.

Бұл туралы дипломатиялық ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлады.

Конверт мұнда таяуда жеткізілген, алайда елшілік оның қырғыз немесе халықаралық пошта арқылы әкелінгені анықтай алмай жатыр.

«Интерфаксқа» баспасөз қызметінің қызметкері хабарлағандай, бұл оқиға туралы Қырғызстанның сәйкес қызметтерінің барлығына хабардар етілді. «Оның химиялық құрамын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деп атап өтті ол.