Ол ұлы даланың тарихы мен мәдениеті жайында білгісі кеп, біздің жаққа аңсары ауып тұратынын айтады. Жалпы Дакоста америкалық шоу бизнесте белгілі тұлға. Сандра АҚШ-тың көптеген жұлдызымен бірге жұмыс істеген. Олардың арасында әйгілі джаз орындаушысы Майлс Дэвис, әнші Майкл Джексон және Мэрайя Кэри бар.
«Мен Қазақстанның үлкен жанкүйерімін. АҚШ пен Қазақстан арасында жаңа туристік бағыттар ашылып жатқанына қуаныштымын. Бұл сіздің елге барып, мәдениетін танысам деушілерге үлкен мүмкіндік. Біз америкалық еріктілердің Қазақстанға барып ағылшын тілін үйрету бағдарламасын қолдаймыз. АҚШ Қазақстанмен ынтымақтастықты жалғастыра беруі тиіс. Бізге қазақ халқының мәдениеті, салт-дәстүрі, музыкасы және ұлттық тағамы да ұнайды», - дейді продюсер Сандра Дакоста.