АСТАНА. 28 қараша. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон сейсенбі күні елордада азаматтық қоғам өкілдерімен кездесу өткізеді. Бұл туралы бүгін елордадағы «Шабыт» шығармашылық үйінде өткен баспасөз мәслихатында АҚШ Мемлекеттік хатшысы көмекшісінің орынбасары Томас О Милия мәлім етті.
«ЕҚЫҰ және АҚШ үкіметі үшін азаматтық қоғамның маңыздылығын АҚШ Мемлекеттік хатшысының сейсенбі күні Еуразия ұлттық университетінде азаматтық қоғам өкілдерімен кездесетін жүздесуі дәлелдей түседі», - деді ол өз сөзінде.
Оның атап өтуінше, Мемлекет хатшы өзі сапарлаған кез-келген мемлекетте дәл осындай кездесулер өткізіп тұрады. Сондай-ақ сондай кездесулер кезінде Х.Клинтон АҚШ-тың әлемнің кез-келген түпкіріндегі азаматтық қоғамға әрқашанда саяси, моральды және қаржылай қолдау көрсететіндігін баса айтады.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.