Мұны АҚШ қаржы министрлігінің мемлекеттік қарыз басқармасының мәліметтері растайды. АҚШ-тың мемлекеттік қарызы бір күнде рекордты сомаға, яғни 17,08 трлн долларға жетті. Өсім шамамен 330 млрд долларды құрады.
Мемлекеттік қарыздың жаңа көлемі АҚШ Конгресі тарапынан әлі бекітілген жоқ. Қаржы министрлігі қажетті соманы 2014 жылдың 7 ақпанына дейін тарту өкілеттілігін алды. Осы уақыт аралығында мемлекеттік қарыз деңгейі бойынша ақырғы келісімге қол жеткізу керек. Бұған дейін шекті сома 16,7 трлн долларды құраған болатын.