Аталған ақпаратқа сәйкес, 12 қыркүйек, сейсенбі күнгі таңертеңгі жағдай бойынша АҚШ-тың мемлекеттік қарызының көлемі 20 трлн 164 млрд 480 млн долларға жетті.
Айта кетейік, АҚШ президенті Дональд Трамп елдің Конгреспен бекітілген бюджетіне қол қойған болатын. Аталған құжат қарыз шегін 8 желтоқсанға дейін көтереді. Бұған дейін Дональд Трамп мемлекеттік қарыз шегін жою қажеттілігін айтқан еді.