Полицияның ақпаратына қарағанда, жол-көлік апатына ұшыраған автомобильдердің арасында 20 тонна қауіпті заттар және отшашулар тиелген жүк көліктері болған.
Келеңсіз оқиға салдарынан жүргізушілердің бірі - 57 жастағы Квебек тұрғыны қаза тапты. Кем дегенде 20 адам жарақаттанған, олардың ішінде өрт сөндіруші мен эвакуатор жүргізушісі бар.
Аса ірі жол апатына қардың көп мөлшерде жаууы себеп болған. Полицейлердің айтуынша, күре жолдың қашан тазартылатындығы әзірге белгісіз.