АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ қаржы министрі Стивен Мнучин биылғы жазда өзінің әйелі Луиз Линтонмен бал айын өткізу мақсатында Еуропаға ұшу үшін үкімет ұшағын пайдалануға сұраныс жіберді. Бұл жайлы ресми дерек көздеріне сілтеме жасаған ABC News хабарлайды.
Хабарламада Мнучиннің АҚШ-тың әскери әуе күштері ұшағын Шотландия, Франция және Италияға ұшуға пайдаланғысы келгендігі айтылған.
Мұндай әуе кемесінің ұшуы сағатына 25 мың долларға бағаланады. Ведомствоның бас инспекторы басқармасы Мнучиннің бұл өтінішін мақсатты емес деп танып, қабылдамады.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.