Оклахама штаты Тергеу бюросының мәліметінше, 26 жастағы Скайлер Бакнер Маскоги округі шерифінің кеңсесіне келген. Оған қамауға алу ордері берілген. Куәгерлердің айтуынша, бірінші қатты жанжал туындаған, содан кейін оқ атылған дауыстар естілген. Салдарынан 39 жастағы әйел мерт болған, жарақат алғандар арасында кәмелет жасқа толмаған бір адам бар. Зардап шеккендердің жасы 9-56 аралығында.
Бұған дейін Техас штатында (АҚШ) атыс болғаны туралы хабар тараған еді. Оның салдарынан 21 адам мерт болған, соның 19-ы — балалар.