АҚШ-тың оңтүстігінде торнадо бұлқынысы басылмай тұр
16:01, 28 Сәуір 2011
АСТАНА. 28 сәуір. ҚазАқпарат - АҚШ-тың оңтүстігіндегі табиғат жайсыздығынан сәрсенбінің өзінде кем дегенде 72 адам қайтыс болған, деп хабарлайды Associated Press.
Торнадоның жойқын толқыны АҚШ-ты сәрсенбі күні жалмаған болатын. Алабама ғимараттарын қиратып кеткен торнадо АҚШ-тың оңтүстігін сүзіп өтті. Соның салдарынан төрт штат бойынша кем дегенде 72 адам көз жұмған.
Басылымның хабарлауынша, бір ғана Алабаманың өзінде 58 адам мерт болып, 15-ке жуығы Таскалусуда қаза тапқан. 11 адамның қайтыс болғаны жөнінде ақпарат Миссисипиден жетсе, Джорджияда екі, Теннесиде бір адам торнадоның құрбанына айналған.
Алабама, Арканзас пен Теннеси губернаторлары төтенше жағдай режимін жариялады. Метеорологтардың мәлімдеуінше, желдің күші кей аймақтарда сағатына 160 км-ге дейін жеткен, деп хабарлайды РСН.