АҚШ-тың оңтүстігінде төрт адам торнадо құрбандары болды

None
АСТАНА. Мамырдың 11-і. ҚазАқпарат - АҚШ-тың оңтүстігінде Оклахома штатында төрт адам торнадо құрбаны болды. Олардың үшеуі - Текумсе қаласынан, біреуі - Оклахома-Сити-ден. Аймақ аумағында болған табиғат апатынан бірнеше ірі жол-көлік апаты орын алды, деп хабарлады РБК агенттігі.

Бұдан бұрын сәуір айының соңында қара құйынның салдарынан АҚШ-тың оңтүстігінде он адам мерт болған еді. Онда Миссисипи штатына едәуір залал келтірілген болатын.