АҚШ-тың оңтүстігіндегі қатты құйын төрт адамның өмірін қиды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәрсенбі күні АҚШ-тың оңтүстігінде болған қатты құйынды дауылынан төрт адам ажал құшты, 40-қа жуық адам жапа шекті, деп хабарлады «ВВС» агенттігі.

Қаза тапқандардың біреуі 7 жастағы бала. Айова, Миссисипи және Теннесси штаттарында барлығы 21 қатты құйын тіркелді, деді АҚШ Ұлттық ауа райы қызметінен.