Бұрқасынның салдарынан мыңдаған тұрғын жарықсыз қалды. Ұйытқыған жел сағатына 70 шақырым жылдамдықпен соғып, қардың қалыңдығы 40 сантиметрге жеткен. Ал бұған дейін аймақта жауын жауып, жолдардың көбі көктайғақ болған көрінеді.
Ауа райын болжаушылардың мәлімдеуінше, қарлы боран енді Канзас, Миссури, Техас және Оклахома қалаларына бет алған.