Бейсенбі күні таңертең ерте Жер атмосферасына аса үлкен емес астероид кірген. Оның диаметрі үш метр шамасында. Обьектіні Тонта саябағында жүргендер 35 шақырым қашықтықта көрген.
Астероид сағатына 64, 7 мың шақырымда ұшқан, оның кинетикалық энергиясы 10 килотоннаны құраған. Ал обьектінің салмағы оншақты тонна болған.
Штаттта мұны көргендер жарқ еткен отты жарықты және бірнеше дыбыс соққысын бақылай алды. Бұл оқиғаны бақылау камерасы мен оны көргендер түсіріп алған, деп жазады tvzvezda.ru.