Флорида штатының Джексонвилл қаласында сәрсенбі күні ауа температурасы 5 градусқа дейін төмендеп, суық жел ауа температурасын 2,5 градусқа дейін түсірді. Сәрсенбі күні таңертең елдің оңтүстігінде рекорд тіркелді. Техас штатының Остин қаласында температура -3 градус цельсийге дейін төмендеді. Ал Джексонда (Миссисипи штаты) -1 градусқа жетті, Солтүстік Каролиндегі Шарлоттада рекордтық төмен -1 градус, Миссури штатының Канзас-Сити қаласында температура -4 градусқа дейін төмендеді, ал Айова штатының Сидар-Рапидс қаласында -9 градусқа дейін түсті. Ұлы көлдер аймағында қалың қар жауып, салдарынан әлі жапырағы түсіп үлгермеген ағаштардың бұтақтары электр желілеріне түсіп, мыңдаған адамдар жарықсыз қалды.
Дүйсенбі күні солтүстік Висконсин штатында 45 см-ге дейін қар жауды. Мичиган түбегіне шамамен 46 см қар түсті. Ал Аляскада Джуно, Ситка, Кетчикан, Якутат, Хейнс және Скагуэй қалаларында керісінше қазан айы тарихта болмаған ыстық ауа райымен басталды.
Фото: abcnews.go.com