АҚШ-тың Орталық Азияда әскери база ашатындығы туралы ақпарат негізсіз - АҚШ елшілігі

АСТАНА. Маусымның 10-ы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Америка Құрама Штаттары Өзбекстан жерінде әскери база ашу мәселесін қарастырып жатқан жоқ. Бұл туралы бүгінгі брифингте журналистердің сауалдарына жауап берген АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ричард Хоугланд мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның сөзіне қарағанда, Американың Қорғаныс министрі Роберт Гейтс Қырғызстандағы АҚШ-тың әскери базасы жабылған жағдайда басқа да мүмкіндіктер қарастырылатындығы жайында мәлім еткен. «Бірақ АҚШ үкіметінде Өзбекстанда әскери база ашу мәселесі қарастырылып жатқан жоқ. Сондай-ақ бүгінде БАҚ-тағы АҚШ-тың Орталық Азияда жаңа әскери база ашатындығы туралы ақпарат негізсіз», - деді Р.Хоугланд.