АҚШ-тың президент сайлауының онлайн көрсетілімі
13:07, 09 Қараша 2016
АҚШ президенті сайлауынан онлайн-трансляция АСТАНА. ҚазАқпарат - Америка Құрама Штаттарында президент сайлауы аяқталды. Ақ үйдегі орынға демократ Хиллари Клинтон мен республикандық Дональд Трамп таласты.
Дауыстарды есептеу жалғасуда. Алдын ала деректер бойынша Республикалық партиядан кандидат Дональд Трамп сенімділікпен көш басында тұр. CNN хабарлағандай ол сайлаушылар алқасы мүшелерінің 247 дауысын алып, 26 штатта жеңіске жетті.