АҚШ-тың Ресейдегі елшісі қызметінен кетпек

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Мәскеудегі елшісі Майкл Макфол Сочи Олимпиадасынан кейін қызметінен кетпек. Бұл туралы дипломат өзінің LiveJournal сайтындағы блогында мәлім етті, деп хабарлады РБК.

Елшінің айтуынша, Олимпиададан кейін ол Калифорниядағы отбасына оралады. М.Макфол өзі үшін туыстарынан жырақта болу оған қиын болғанын атап өтті, енді отбасында «қайтадан бірге болудың сәті түсті».

М.Макфол АҚШ елшісі қызметіне 2011 жылғы қыркүйекте бекітілген болатын. 90-жылдардың ортасында М.Макфол Мәскеуде Карнеги орталығында қызмет атқарды. Дипломат әміршіл және диктаторлық режимдерден демократияға көшу жөніндегі білікті маман ретінде саналады.

М.Макфолдың жұмысынан кететіні жайындағы сыбыстар 2013 жылғы қарашада Стэнфордта демалыста жүрген кезінде шыға бастаған еді. Сол кезде «Известия» газеті оның отставкасы Э.Сонуденнің ісімен, USAID-пен, «Магнитский тізімі» және «Дима Яковлев заңы» сияқты оқиғалармен байланыстырылды.