Нью-Йорк штатының билігі қардың арты нөсер жауынға ұласқан кезде кейбір үйлердің құлау қаупі бар екенін айтты.
Би-би-си хабарлағандай, үйлердің шатырын қалың қар басқан. Ал жаңбыр оны ауырлата түседі. Салдарынан шатыр опырылып түсуі мүмкін.
Соңғы деректерге сүйенсек, мөлшерден тыс қардың жаууынан 13 адам қаза тапқан. Олардың көпшілігі қар тазалап жүріп, жүрек талмасынан көз жұмған.