АҚШ-тың Таяу Шығыста қалуына енді негіз жоқ - Иран

None
АСТАНА. 3 мамыр. ҚазАқпарат - «Әл-Кайеда» жетекшісі Усама бен Ладеннің көзі жойылғаннан кейін, АҚШ әскери күштерінің бұдан былай Таяу Шығыста қалуына негіз жоқ.

Иранның Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Рамин Мехманпараст осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды РБК агенттігі.

«АҚШ пен оның одақтастары халықаралық лаңкестікпен күресуді сылтау етіп, бұдан былай аймақта қала алмайды», - деді Иран дипломаты.

Б.Ладеннің көзінің жойылуы «аймақ елдерінде тыныштық пен қауіпсіздік» орнатуға көмектеседі деген Иранның үмітін жеткізген дипломат, Ислам Респубикасының «бүкіл әлемдегі лаңкестікті үзілді-кесілді айыптайтынын» мәлім етті.