Антропологтар студенттермен бірге бір жылдан бері қапқа, қоқыс пакетіне, үлкен сумкаларға салынған күйінде көмілген сүйектердің кімдердікі екенін анықтай алмай келеді.
Бұл жерде жаппай жерленеген белгісіз адамдардың денелері жатқандығы алғаш 2013 жылы белгілі болған. Ол жолы 110 белгісіз дене көмілген жерінен қазылып алынған еді. Биылғы жаз басталғалы антропологтар студенттерімен бірге тағы 52 денені эксгумациялаған.
Айта кетер бір жайт, 2011-2013 жылдар арасында АҚШ-тың Брукс өлкесі маңынан ел шекарасыз заңсыз кесіп өтпек болған 300 мексикалық қаза тапқан. Жергілікті биліктің айтуынша, ол жерде әр адамды жерлеу шамамен 450 доллар тұрады. Сондықтан, мигранттар көбіне қаза болған жерлестерінің денесін осылай қабірлерге жаппай көміп кетеді.