АҚШ-тың USAID халықаралық даму жөніндегі агенттігі Қазақстанның бизнес-қауымдастық өкілдерін преференцияның жалпы ортақ негізгі ережелерімен таныстырды

None
АСТАНА. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бүгін елордада АҚШ-тың USAID халықаралық даму жөніндегі агенттігі Қазақстанның бизнес-қауымдастық өкілдерін преференцияның жалпы ортақ негізгі ережелерімен таныстырды.

USAID-тің сауданы ыртықтандыру және кеден саласын реформалау жөніндегі өңірлік жобасының Қырғызстандағы сарапшысы Ерик Калашевтің сөзіне қарағанда, бұл семинардың негізгі мақсаты қазақстандық бизнес үшін Еуроп одақ пен АҚШ сауда прференфияларының жүйесін енгізу болып табылады. Сондай-ақ семинар барысында жалпы ортақ негізгі ережелері және мысалдары келтіріліп, ЕО-ның интерактивті порталы пайдаланылды.

1971 жылдан қолданыстағы преференцияның жалпы ортақ ережелері дамушы елдердің тауарлары мен материалдарын дамыған елдердің нарығына шығару барысында жеңілдіктер береді. Бұл Дүниежүзілік сауда ұйымы аясында әрекет ететін әлемнің 160 елінде қолданылады.

Нарыққа жеңілдетілген немесе преференциалды ену дамушы елдерде өндірілетін тауарлар партиясын нөлдік немесе төмен кедендік баж салығының алынуын білдіреді. Қазақстан ЕО, АҚШ сынды дамыған елдер тарапынан сауда преференциясын алып отыр.

Айта кетейік, USAID 15 жылдың ішінде экономиканы, денсаулық сақтауды және демократиялық институттарды дамыту үшін америка халқының атынан елімізге 500 миллион доллар көлемінде техникалық көмек берді.