АҚШ-тың вице-президенті Брюссельге алғашқы сапарында ЕО басшысымен кездесті

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Америка Құрама Штаттары Еуропалық Одақпен ынтымақтастықта әрекет етіп, серіктес болатынына сенімді. Бұл туралы дүйсенбі күні АҚШ-тың вице-президенті Майк Пенс өзінің Брюссельге алғашқы сапары барысында мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-нің меншікті тілшісі.

«Мен бүгін АҚШ президенті Дональд Трамптың атынан Еуропалық Одақпен ынтымақтастықта қызмет етіп, серіктес болатынымызды нық сеніммен маләмдеймін»,-деді журналистерге Майн Пенс Еуропалық Одақтың басшысы Дональд Тускпен болған кездесуінің қорытындысы бойынша.

Ол сонымен қатар, АҚШ пен Еуропа арасында бостандық, демократия мен заңның үстемдігін қамтамасыз етуде «ортақ құндылықтар мен ортақ мақсаттар» бар екенін жария етті.

Өткен жылдың наурызында Брюссельде болған атышулы терактіні еске алған АҚШ вице-президенті ЕО пен АҚШ арасында терроризмммен күрес бағытындағы ынтымақтастықты белсендендіру қажеттігіне баса назар аударды.

«Маған АҚШ-тың біздің барлығымыздың халқымыздың ұжымдық қауіпсіздігі жолында ынтымақтастықты одан әрі жетілдіре беруге бейіл екендігін айта кетуге рұқсат етіңіздер. Еуропалық Одақ пен біздің халықтарымыздың қауіпсіздігі осы ынтымақтастыққа көп байланысты»,-деп атап өтті Майкл Пенс.

Оның сөзінше, Ақ үй НАТО-ның Польша мен Балтық жағалауы елдеріндегі бастамаларына қолдау көрсетіп, күш қолдана отырып, ұлттық шекаралардың ауқымын өзгерту бағытындағы әрекеттері үшін «Ресейді жауапкершілікке шақыратын» болады. Бір мезгілде Вашингтон Мәскеумен ортақ мәмілеге келуге мүмкіндік беретін «көздерді» де қарастырады. Д.Трамптың ойынша мұндай жолдың табылуы әбден мүмкін.

Айта кетейік, Майк Пенс Брюссельде Тускпен қатар ЕО-тың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Федерик Могеринимен сондай-ақ Еуропалық комиссия төрағасы Жан-Клод Юнкермен де кездесті.