«Біз қызымыз Эшли Блейзер Байденнің доктор Говард Крайнға тұрмысқа шыққанын қуанышпен хабарлаймыз» делінген сенбі күні АҚШ басшысының орынбасары және оның зайыбы атынан Ақ үйдің БАҚ-қа таратқан мәлімдемесінде.
Некеге тұру салтанаты Уилмингтон қаласында /Делавэр штаты/ өткен. Бұл рәсімге екі жақтың туған-туыстары мен достары қатысқан. Эшли Байден мен оның таңдаған жігіті осыдан екі жыл бұрын танысқан. 31 жастағы Байден әлеуметтік сала қызметкері, ал оның 45 жастағы жұбайы дәрігер-отоларинголог. Сондай-ақ ол хирург мамандығын да қоса меңгерген.
04:25, 04 Маусым 2012
АҚШ-тың вице-президенті Джозеф Байден жалғыз қызын ұзатты
АСТАНА. 4 маусым. ҚазАқпарат - АҚШ-тың вице-президенті Джозеф Байденнің жалғыз қызы тұрмысқа шықты.