АҚШ-тың Йемендегі елшілігі жұмысын қайта жандандырды
17:56, 05 Қаңтар 2010
АСТАНА. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат - Қаңтардың 3-інде жабылған АҚШ-тың Йемендегі елшілігі қайта ашылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.
Елшіліктің сайтында жарияланған мәлімдемеге сай оның жұмысын қайта жандандыру туралы шешім Йемен үкіметтік қызметінің қаңтардың 4-інде жүргізген, табысты өткен лаңкестікке қарсы операцияларының қорытындылары бойынша қабылданды. Елшілік қызметкерлерінің деректері бойынша лаңкестік қаупі барынша жоғары күйінде қалып отыр.