Дүйсенбі күні штат губернаторы Гэри Херберт аталған заңға қол қойды.
Өлім жазасын екпе арқылы орындауға қажетті препараттардың жетіспеушілігі себеп болған. Нақтырақ айтқанда, еуропалық өндірушілер дәріні адам өлтіру мақсатында жеткізуден бас тартып отырған көрінеді.
Құқық қорғаушылар жергілікті биліктің бұл шешіміне наразылық танытты. Олар ату жазасын рақымсыздық деп атады.