АҚШ-тың жасылдар партиясы президенттік лауазымға өз кандидаттарын ұсынды

АСТАНА. 16 шілде. ҚазАқпарат - АҚШ-та сайлауалды сайысқа тағы бір ресми қатысушы тіркелді,

деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Ақпарат агенттігінің дерегіне қарағанда, оның жеңімпаз атануға ешқандай мүмкіншілігі жоқ, алайда президент Барак Обама мен оның басты қарсыласы Митт Ромни арасындағы сайыстың барысына әсер етуі мүмкін.

Мэриленд штатының Балтимор қаласында өткен американдық жасылдар партиясының ұлттық съезінде президенттік лауазымға 62 жастағы Джилл Стайн ресми ұсынылған.

Жұмыссыздықпен күрес және қоршаған ортаны қорғау ұранымен президенттік сайлау науқанына кіріскен кәсіби дәрігер әрі саясаткер барынша бейтарап дауыс жинай алады.