Екінші нарықтағы баспаналардың сатылымы осымен үшінші ай қатарынан артып отыр. Маусым айында өсім 3,6 пайызды құраған. Соңғы рет мұндай үрдіс 2004 жылдың басында байқалды, дейді мамандар. Сатылған мүліктердің үштен бірін кепілде болған және дағдарысқа байланысты банктің қолына өткен үйлер құраған. Сарапшылардың пікірінше, жалпы мәмілелердегі мұндай үйлердің үлесі қысқаруда. Сатылған жылжымайтын мүліктің орташа бағасы 181, 800 долларды құрап отыр, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 15 пайызға төмен, бірақ мамыр айындағы көрсеткіштен 8 долларға жоғары.
Жылжымайтын мүлік нарығындағы жаңалықтар инвесторларды үміттендіріп отыр және бейсенбі күні саудадағы До-Джонс индексі 2009 жылдың қаңтар айынан бері алғаш рет 9000-дық межеден асып түсті.